Алғашқы қадам

30 күн ішінде жаттықтырушымен бірге 12 жаттығу және фитнес-чекап. Клубқа арналған дайын жоспар және әр жаттығуда жаттықтырушы — жылдық абонементсіз.

49 990 ₸-ден бастапбір рет, бағасы клубқа байланысты

Алғашқы қадам бағдарламасына жазылу
Hero’s Journey Colibri студиясы

Алматы мен Астанадағы 6 клуб

Алматы: Colibri, Promenade, Villa, 4YOU · Астана: Europe City, Nurly Orda

(01)Білу маңызды

  • 01

    Hero’s Journey-де бұрын жаттықпағандарға ғана.

  • 02

    Бағдарлама әр сенбі сайын басталады.

  • 03

    3 жаттығуға дейін болдырмай, басқа уақытқа ауыстыруға болады.

Клубты таңдау

(02)Клубты таңдаңыз

Алғашқы қадам бағдарламасынан қайда өтуге болады

Бағдарламадағы жаттығулар клубтың залдарына байланысты. Клубты таңдаңыз — оның бетінде бағдарлама құрамы мен жазылу бар.

(03)Жиі қойылатын сұрақтар

  • Hero Camp пен Алғашқы қадамның айырмашылығы неде?

    Hero Camp — бір клубта 2 апта ішінде жаттықтырушымен 6 жаттығу және фитнес-чекап, бағасы — 39 990 ₸. Алғашқы қадам — бір ай ішінде дайын жоспар бойынша жаттықтырушымен 12 жаттығу және фитнес-чекап, бағасы — 59 990 ₸ (Nurly Orda клубында — 49 990 ₸).

  • Сынақ бағдарламасынан кейін не болады?

    Өзіңізге ыңғайлы клубта 6 немесе 12 айлық клуб картасын сатып алып, жаттығуды жалғастыра аласыз. Сынақ бағдарламасынан бір-ақ рет өтуге болады: оны немесе басқа сынақ бағдарламасын қайта өте алмайсыз.

  • Әртүрлі клубта жаттығуға бола ма?

    Сынақ бағдарламасы сатып алғанда таңдаған бір клубыңызда өтеді. Клуб картасына желінің басқа студияларына қонақ ретінде бару кіреді, олардың саны картаның мерзіміне байланысты.

  • Ширақ емеспін, қолымнан келмейтін сияқты

    Алғашқы жаттығуда бәрі қиналады, бұл — ағзаның бейімделуі. Жаттықтырушы әр тренажёрдағы ауырлық деңгейі мен салмақты реттеп береді, ал жаттығу көлемі мен күрделілігі бабыңызға қарай таңдалады. Сіз өз ырғағыңызда жаттығасыз.

  • Жаттығудан бас тартсам не жіберіп алсам не болады?

    Жаттығу басталғанға 8 сағат қалғанда не одан ертерек бас тартсаңыз, оны басқа уақытқа ауыстыруға болады. Одан кешірек бас тартсаңыз немесе келмей қалсаңыз, жаттығу күйіп кетеді.

  • Жаттығуға кешігіп келсе бола ма?

    20–30 минут ертерек келгеніңіз жақсы: киім ауыстырып, пульсометр алып, жаттықтырушының брифингін тыңдап үлгересіз. Жаттығу басталғаннан 5 минут өткен соң QR-код арқылы кіру жабылады — жаттығудың ортасында қосылу қауіпті, жаттығу күйіп кетеді.

  • Жаттықтырушысыз жаттығуға бола ма?

    Жоқ. Барлық жаттығу кесте бойынша және жаттықтырушымен өтеді: ол техниканы қадағалап, ауырлық деңгейін реттейді. Жаттығуға тек қолданба арқылы жазыласыз.

  • Жаттығу уақытын өзіме ыңғайлы етіп таңдай аламын ба?

    Иә. Жаттығу сағат сайын өтеді: алғашқысы 6:50–7:00-де, соңғысы 21:00–21:30-да басталады, уақыты клубқа қарай сәл өзгеше. Қолданба арқылы жазыласыз.

  • Басқа мемлекеттің нөмірі арқылы тіркеле аламын ба?

    Иә. Hero’s Journey қолданбасында кез келген елдің нөмірімен тіркелуге болады.

  • Қалай төлеуге болады?

    Сынақ бағдарламасының бетінде онлайн: Kaspi, Visa немесе Mastercard арқылы.

Басқа формат қалайсыз ба? Hero Camp — 2 апта ішінде жаттықтырушымен бірге 6 жаттығу және фитнес-чекап.

Hero Camp туралы толығырақ
39 990 ₸-ден бастапСынақ бағдарламалары