Басты бет / Біз туралы
Hero’s Journey туралы
Жаттықтырушымен топтық жаттығу өтетін фитнес-студиялар желісі: Алматыда 4 студия, Астанада 2 студия, 10 000-нан аса атлет. Әр жаттығуда жаттықтырушы, дайын жаттығу жоспары және екі ай сайын бапты өлшеу.
Мақсатқа сай бес бағдарлама. Қолданба сізді апта сайын сол бағдарлама бойынша жетелеп отырады.
«Алғашқы қадам» мен фитнес-чекаптан кейін бағдарламаны өзіңіз таңдайсыз. Қолданба әр аптаны жоспарлайды, ал әр фитнес-чекаптан кейін бағдарлама жаңа нәтижелеріңізге қарай бейімделеді.
- STRONG
Бұлшықет массасын жинауға.
- BURN
Майдан арылуға.
- LEGS & GLUTES
Аяқ пен жамбасты күшейтуге.
- FITBODY
Жалпы бапқа арналған теңгерімді курс.
- ATHLETE
Төзімділікті арттыруға.
Әр сетте техника, салмақ және ырғақ бақылауда.
- Синхронизатор
Жасыл жарық күш салатын сәтті, қызыл жарық босаңсытатын сәтті көрсетеді. Сіз дұрыс ырғақты ұстайсыз, ал бұлшықет үнемі күш түсіп жұмыс істейді.
- Пульсометр
Қажетті қарқынды ұстау үшін пульсті, калорияны және ауырлық деңгейін сізге де, жаттықтырушыға да көрсетеді.
- Станциядағы планшет
Әр сетке арналған техника видеосы және ұсынылған салмақ.
- Қолданба
Барлық сет, салмақ пен қайталау өздігінен жазылады, ал қолданба бағдарламаңыз бен прогресіңізді көрсетеді.
Біздің атлеттер басқа студиялармен салыстырғанда шамамен 2,5 есе жиі жаттығады. Оған команда, ұпайлар мен челлендждер көмектеседі, ал жаттықтырушы мен қолданба сіз жоғалып кетсеңіз, бірден байқайды.
Hero Score. Бабыңыз — бір санда.
Біз сізді шамамен 30 минутта өлшеп шығамыз және екі ай сайын қайта өлшейміз. Есеп қазір қай деңгейде екеніңізді, неге көңіл бөлу керегін және қаншалық өскеніңізді көрсетеді.
Hero’s Journey қолданбасында
Сіздің нәтижеңіз.
Бәрі көз алдыңызда.
Фитнес-чекаптан кейін сізге есеп келеді, ал жаттықтырушы әрі қарай неге көңіл бөлу керегін түсінуге көмектеседі.
- Hero ScoreБабыңыз — бір санда, оған қоса әр станцияның нәтижесі.
- Өзіңізбен салыстыруӨткен өлшеуден бері не өзгерді және тағы неге көңіл бөлу керек.
Фитнес-чекапта не өлшейміз

1Дене құрамы
InBodyБұлшықет, май және висцералды май.
2Қуат
Велосипед, 20 секундМаксимум және орташа қуат.
3Күш: арқа тарту
Белге тартуАуыр салмақпен бірнеше сет, қауіпті максимумға бармай.
4Күш: кеуде басу
Кеудеден сығымдауМаксимум қайталау санына қарай есептеледі.
5Күш: аяқ
Аяқпен сығымдауКүнделікті өмірдегі күштің негізі.
6Төзімділік
Жүгіру, 6 минутЖүгірген қашықтыққа қарап VO2max бағаланады.
Алты станциядан тұратын толық фитнес-чекап 4YOU студиясындағы Assessment залында өтеді. Басқа студиялардың атлеттері абонементтегі бару санын жұмсамай-ақ сонда өте алады. Қалған студияларда фитнес-чекап — InBody-дегі дене құрамы мен күшті өлшеу.
Жаттықтырушы әр жаттығуды өзі жүргізеді және абонементке кіреді.
Қарапайым залда жаттықтырушыға бөлек ақша төлейсіз. Бізде ол әр жаттығуда бар.
- Бағдарламаңыз бен мақсатыңызды біледі.
- Әр станцияда техниканы көрсетіп, түзетіп отырады.
- Фитнес-чекап нәтижелерін сізбен бірге талдайды.
- Жоғалып кетсеңіз, байқап, қайта оралуыңызға көмектеседі.
Мұның қалай жұмыс істейтінін сынақ бағдарламасында көріңіз.













