Hero Camp
2 апта ішінде жаттықтырушымен бірге 6 жаттығу және фитнес-чекап. Клубқа арналған дайын жоспар және әр жаттығуда жаттықтырушы — жылдық абонементсіз.
39 990 ₸бір рет, кез келген клубта
Hero Camp бағдарламасына жазылу
Алматы мен Астанадағы 6 клуб
Алматы: Colibri, Promenade, Villa, 4YOU · Астана: Europe City, Nurly Orda
(01)Білу маңызды
- 01
Hero’s Journey-де бұрын жаттықпағандарға ғана.
- 02
Барлық жаттығу жазылғанда таңдаған бір клубыңызда өтеді.
- 03
Жаттығу басталғанға 8 сағат қалғанда не одан ертерек бас тартсаңыз, оны басқа уақытқа ауыстыруға болады. Одан кешірек бас тартсаңыз, жаттығу күйіп кетеді.
- 04
Сынақ бағдарламасынан бір-ақ рет өтуге болады.
(02)Клубты таңдаңыз
Hero Camp бағдарламасынан қайда өтуге болады
Бағдарламадағы жаттығулар клубтың залдарына байланысты. Клубты таңдаңыз — оның бетінде бағдарлама құрамы мен жазылу бар.

HJ Villa
Әл-Фараби даңғылы, 140а
6 жаттығу және фитнес-чекап
- 2 × Upper Body / Reshape
- 2 × Legs
- 2 × Bootcamp

HJ Colibri
Уәлиханов көшесі, 170/1
6 жаттығу және фитнес-чекап
- 2 × Upper
- 1 × Legs / Glutes
- 2 × Bootcamp
- 1 × Metcon

HJ Promenade
Абай даңғылы, 44а
6 жаттығу және фитнес-чекап
- 2 × Full Body
- 1 × Legs / Glute
- 1 × Bootcamp
- 2 × Metcon

HJ 4YOU
Есқараев көшесі, 3
6 жаттығу және фитнес-чекап
- 2 × Upper Body
- 1 × Legs / Glute
- 1 × Reshape
- 1 × Bootcamp
- 1 × Metcon
(03)Жиі қойылатын сұрақтар
Hero Camp пен Алғашқы қадамның айырмашылығы неде?
Hero Camp — бір клубта 2 апта ішінде жаттықтырушымен 6 жаттығу және фитнес-чекап, бағасы — 39 990 ₸. Алғашқы қадам — бір ай ішінде дайын жоспар бойынша жаттықтырушымен 12 жаттығу және фитнес-чекап, бағасы — 59 990 ₸ (Nurly Orda клубында — 49 990 ₸).
Сынақ бағдарламасынан кейін не болады?
Өзіңізге ыңғайлы клубта 6 немесе 12 айлық клуб картасын сатып алып, жаттығуды жалғастыра аласыз. Сынақ бағдарламасынан бір-ақ рет өтуге болады: оны немесе басқа сынақ бағдарламасын қайта өте алмайсыз.
Әртүрлі клубта жаттығуға бола ма?
Сынақ бағдарламасы сатып алғанда таңдаған бір клубыңызда өтеді. Клуб картасына желінің басқа студияларына қонақ ретінде бару кіреді, олардың саны картаның мерзіміне байланысты.
Ширақ емеспін, қолымнан келмейтін сияқты
Алғашқы жаттығуда бәрі қиналады, бұл — ағзаның бейімделуі. Жаттықтырушы әр тренажёрдағы ауырлық деңгейі мен салмақты реттеп береді, ал жаттығу көлемі мен күрделілігі бабыңызға қарай таңдалады. Сіз өз ырғағыңызда жаттығасыз.
Жаттығудан бас тартсам не жіберіп алсам не болады?
Жаттығу басталғанға 8 сағат қалғанда не одан ертерек бас тартсаңыз, оны басқа уақытқа ауыстыруға болады. Одан кешірек бас тартсаңыз немесе келмей қалсаңыз, жаттығу күйіп кетеді.
Жаттығуға кешігіп келсе бола ма?
20–30 минут ертерек келгеніңіз жақсы: киім ауыстырып, пульсометр алып, жаттықтырушының брифингін тыңдап үлгересіз. Жаттығу басталғаннан 5 минут өткен соң QR-код арқылы кіру жабылады — жаттығудың ортасында қосылу қауіпті, жаттығу күйіп кетеді.
Жаттықтырушысыз жаттығуға бола ма?
Жоқ. Барлық жаттығу кесте бойынша және жаттықтырушымен өтеді: ол техниканы қадағалап, ауырлық деңгейін реттейді. Жаттығуға тек қолданба арқылы жазыласыз.
Жаттығу уақытын өзіме ыңғайлы етіп таңдай аламын ба?
Иә. Жаттығу сағат сайын өтеді: алғашқысы 6:50–7:00-де, соңғысы 21:00–21:30-да басталады, уақыты клубқа қарай сәл өзгеше. Қолданба арқылы жазыласыз.
Басқа мемлекеттің нөмірі арқылы тіркеле аламын ба?
Иә. Hero’s Journey қолданбасында кез келген елдің нөмірімен тіркелуге болады.
Қалай төлеуге болады?
Сынақ бағдарламасының бетінде онлайн: Kaspi, Visa немесе Mastercard арқылы.
Басқа формат қалайсыз ба? Алғашқы қадам — 30 күн ішінде жаттықтырушымен бірге 12 жаттығу және фитнес-чекап.
Алғашқы қадам туралы толығырақ